26 Ақпан, 2015

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің бұйрығы  №55

207 рет
көрсетілді
12 мин
оқу үшін
2014 жылғы 28 қазан,  Астана қаласы Спорт түрлерін, спорт салаларын тану және спорт түрлерінің тізілімін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы «Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 37) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Спорт түрлерін, спорт салаларын тану және спорт түрлерінің тізілімін қалыптастыру қағидалары бекiтiлсiн. 2. Қазақстан Респуликасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (Е.Б. Қанағатов) заңнамамен белгiленген тәртiппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн мерзімді баспа басылымдарында, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариялануын; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігiнiң интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Министрдің міндетін атқарушы Т.ЕСЕНТАЕВ. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 28 қазандағы № 55 бұйрығымен бекітілді Спорт түрлерін, спорт салаларын тану және спорт түрлерінің тізілімін қалыптастыру қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Осы Спорт түрлерін, спорт салаларын тану және спорт түрлеріннің тізілімін қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағида) спорт түрлерін, спорт салаларын танудың және спорт түрлерінің тізілімін қалыптастырудың тәртібін айқындайды. 2. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) спорт түрi – жаттығу ортасы, жарысу қызметіндегі дене шынықтыру жаттығуларының немесе интеллектуалдық қабілеттердің жиынтығы және жарыстар қағидалары айырым белгiлерi болып табылатын спорттың құрамдас бөлiгi; 2) спорт саласы – айырым белгілері бар және бір немесе бірнеше спорттық жарыс түрі (бағдарламасы) қамтылатын спорт түрінің бір бөлігі; 3) спорт түрлерінің тізілімі (бұдан әрі - Тізілім) – дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) таныған спорт түрлері мен спорт салалары туралы қағаз және электрондық жеткізгіштерде тіркелген мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйе. 3. Қазақстан Республикасының аумағында спорт түрлері мен спорт салаларын тануды уәкілетті орган Тізілімге енгізу арқылы жүзеге асырады. 4. Спорт түрінің, спорт саласының белгілеріне жататын жарыстар қағидаларының, жаттығу ортасының, жарысушылықтың, спортшылардың қатысуы, қолданылатын спорттық мүкаммалдардың (қорғаныс құралдарын есепке алмағанда) және жабдықтардың болуы, адамның дене және интеллектуалдық қабілеттерін дамыту, оның қозғалыс белсенділігін жетілдіру және салауатты өмір салтын қалыптастыру спорт түрін, спорт саласын тануға негіздеме болып табылады. 2. Спорт түрлерін, спорт салаларын тану тәртібі 5. Спорт түрін, спорт саласын тануды мақсаты бір немесе бірнеше спорт түрін дамыту болып табылатын аккредиттелген республикалық және (немесе) өңірлік спорт түрлері бойынша спорт федерациясы өтінішінің негізінде уәкілетті орган жүзеге асырады. Өтініш еркін түрде жазылады. 6. Қазақстан Республикасында спорт түрін, спорт саласын тану туралы өтінішке келесі құжаттар қоса беріледі: 1) Қазақстан Республикасында және әлемде аталған спорт түрiнiң дамуы туралы ақпарат қамтылған, халықаралық спорт федерацияларының қысқаша сипаты, ашылған уақыты және жері, өткiзiлген жарыстар саны, Қазақстан Республикасында шұғылданушылардың ауқымы, адамның дене және интеллектуалдық қабілеттерін дамытудағы, оның қозғалыс белсенділігін жетілдіру және салауатты өмір салтын қалыптастыру­дағы рөлі туралы ақпарат; 2) қолданылатын спорттық мүкаммаларды (қорғаныс құралдарын есепке алмағанда) және жабдықтардың (бар болса) қолданудың қысқаша сипатты қамтылған, өтінім берілген спорт түрін, спорт саласын оқытудың әдістемесі және бағдарламасы; 3 жарыс процесін көрсететін спорттық жарыс барысында түсірілген бейне (фото) материалдар; 4) өтінім берілген спорт түрінің, спорт саласының жарыс қағидаларының жобасы немесе тиісті халықаралық спорт федерациясының спорт түрінің, спорт саласының жарыс қағидасының көшірмесі. 7. Спорт түрін, спорт саласын тану өтінішті келіп түскен күнінен бастап, жиырма бес күнтiзбелiк күн iшiнде уәкілетті орган қарастырады. 8. Уәкiлеттi орган құрамы бес адамнан кемінде тұратын тұрақты жұмыс істейтін комиссия (бұдан әрi – Комиссия) құрады. Комиссия отырысы комиссия мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде 2/3-ci болған жағдайда өткiзiледi. 9. Комиссия өтiнiшті және оған қоса беріліп отырған құжаттарды қарастырады және қарастыру нәтижесі бойынша уәкілетті органға: 1) спорт түрін, спорт саласын тануды; 2) спорт түрін, спорт саласын танудан бас тартуды ұсынады. 10. Спорт түрін, спорт саласын танудан бас тартуға мыналар негіздеме болып табылады: 1) осы Қағиданың 6-тармағында көрсетілген барлық құжаттарды ұсынбау; 2) егер өтініш берілетін спорт түрінің, спорт саласының атауы бұрын танылған спорт түрінің, спорт саласының атауынан өзгеше болмаса; 3) егер өтінім берілген спорт түрінің, спорт саласының танылған спорт түрі, спорт саласының жарыс қағидасы мазмұнынан, жаттығу ортасынан, қолданылатын мүкаммалдары (қорғаныс құралдарын есепке алмағанда) мен жабдықтарынан елеулі өзгешеліктері болмаса. 11. Уәкілетті органның шешімі Комиссия хаттамасының негізінде бұйрықпен ресімделеді және өтініш берушіге шешім қабылданғаннан күннен бастап бес күнтiзбелiк күні iшiнде жіберіледі. 3. Тізілімді қалыптастыру тәртібі 12. Тiзiлiм осы Қағиданың қосымшасына сәйкес нысанда қалыптасады және жүргiзiледi. Спорт түрін, спорт саласын тану туралы уәкілетті органның шешімі Тізілімді қалыптастыруға негіздеме болып табылады. 13. Спорт түрі, спорт саласы Тізілімге спорт түрін, спорт саласын тану туралы шешім қабылданған күннен бастап, екі күнтiзбелiк күн iшiнде енгізіледі. 14. Тiзiлiмнiң нысаны мынадай мәліметтерден тұрады: 1) танылған спорт түрiнiң атауы; 2) танылған спорт түрiнiң нөмiр - коды; 3) танылған спорт саласының атауы; 4) танылған спорт саласының нөмiр - коды. 15. Танылған спорт түрінің, спорт саласының нөмiр – коды келесі төрт белгiден тұрады. 1) нөмiр - кодтың бiрiншi белгісі спорт түрiнiң, спорт саласының жеке нөмiрi болып табылады: 1 – олимпиадалық спорт түрлерi; 2 – олимпиадалық емес спорт түрлерi; 3 – ұлттық спорт түрлерi; 4 – техникалық спорт түрлерi; 5 – арнайы олимпиадалық спорт түрлерi; 6– Паралимпиадалық спорт түрлерi; 7– Сурдолимпиадалық спорт түрлерi; 8 – әскери-қолданбалы спорт түрлерi; 2) нөмiр - кодтың екінші белгісі спорт түрiнiң, спорт саласының маусымдылығын айқындайды: 1 – жазғы спорт түрлерi; 2 – қысқы спорт түрлерi; 3 –маусымдық емес спорт түрлері; 3) нөмiр - кодтың үшінші белгісі спорт түрiмен, спорт саласымен шұғылданудың маусымын, сондай-ақ, спорт түрiнiң, спорт саласының ойын немесе ойын емес сипатын айқындайды: 1 – спорттың жазғы ойын емес түрi; 2 – спорттың жазғы ойын түрi; 3 – спорттың қысқы ойын емес түрi; 4 – спорттың қысқы ойын түрi; 5 – маусымдық емес, спорттың ойын емес түрi; 6 – маусымдық емес, спорттың ойын түрi; 7 – спорттың ойын, сондай-ақ, ойын емес спорт салаларынан тұратын маусымдық емес спорт түрi; 8 – спорттың ойын, сондай-ақ, ойын емес спорт салаларынан тұратын жазғы спорт түрi; 9 – спорттың ойын, сондай-ақ, ойын емес спорт салаларынан тұратын қысқы спорт түрi; 4) нөмiр - кодтың төртінші белгiсi спорт түрiмен, спорт саласымен шұғылданушылардың жынысы мен жас санатын айқындайды: А – ерлер, жiгiттер (жасөспiрiмдер); Б – әйелдер, қыздар (жасөспiрiм қыздар); Г – ерлер, жiгiттер (жасөспiрiмдер), әйелдер; Д – қыздар (жасөспiрiм қыздар); Е – ерлер, қыздар (жасөспiрiм қыздар); Ж – әйелдер; К – ерлер, әйелдер, қыздар (жасөспiрiм қыздар); Л – ерлер, әйелдер; М – ерлер; Н – жiгiттер (жасөспiрiмдер), қыздар (жасөспiрiм қыздар); С – жiгiттер (жасөспiрiмдер), қыздар (жасөспiрiм қыздар), әйелдер; Ф – ерлер, жiгiттер (жасөспiрiмдер), қыздар (жасөспiрiм қыздар); Э – жiгiттер (жасөспiрiмдер), әйелдер; Ю –жiгiттер (жасөспiрiмдер); П – аралас жұп/топ; Я – барлық санаттағылар. 16. Тізілімнің электронды нысаны спорт түрі, спорт саласы Тізілімге енгізілген күннен бастап, екі күнтізбелік күн ішінде өтініш берушіге жіберіледі. 17. Аккредиттелген республикалық және (немесе) өңірлік спорттық федерацияларының өтініштерінің уәкілетті орган Тізілімге өзгерістер мен толықтырулар енгізеді. 18. Уәкілетті орган Тізілімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы өтініш келіп түскен күннен бастап, он бес күнтiзбелiк күні iшiнде қарастырады. 19. Тізілімге өзгерістер мен толықтырулар енгізуге мыналар негіздеме болып табылады: 1) танылған спорт түрінің, спорт саласының атауының өзгертілуі; 2) жарыстар қағидасы немесе ресми халықаралық спорттық 3) жарыстардың ережелерінің өзгертілуі; 4) танылған спорт түрлері, спорт салаларының біріктірілуі; 5) танылған спорт түрлері, спорт салаларының бөлінуі. 20. Уәкілетті орган Тізілімге өзгерістер мен толықтырулар енгізілген күннен бастап, екі күнтізбелік күн ішінде Тізілімнің электронды нысанын өтініш берушіге жолдайды. 21. Осы Қағиданың 19-тармағында көрсетілген негіздемелердің болмауы, уәкілетті органның Тізілімге өзгерістер мен толықтырулар енгізуден бас тарту туралы шешім қабылдауына негіздеме болып табылады. 22. Тізілімге өзгерістер мен толықтырулар енгізуден бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда, уәкілетті орган өтініш берушіге шешім қабылданған күннен бастап, екі күнтізбелік күн ішінде хабарлайды. 23. Уәкілетті орган Тізілімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім қабылдаған жағдайда, уәкілетті орган бұл туралы дене шынықтыру және спорт мәселелері жөніндегі облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдарына, дене шынықтыру және спорт саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаларға шешім қабылдаған күннен бастап, он жұмыс күні ішінде хабарлайды. Спорт түрлерін, спорт салаларын тану және спорт түрлерінің тізілімін қалыптастыру қағидаларына қосымша Нысан Спорт түрлерінің тізілімі р/с № Танылған спорт түрінің атауы Танылған спорт түрінің нөмір-коды Танылған спорт саласының атауы Танылған спорт саласының нөмір-коды 1 2 3 4 5 Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылғы 28 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №9912 болып енгізілді.